Сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғауға мән беру керек - Мәжіліс
2022 жылғы 19 қаңтар 12:53

Сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғауға мән беру керек - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерік Өмірғали елдегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер мәселесін көтерді. Осы орайда ол Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде сауда орталықтары мен басқа да жылжымайтын мүлік иелері өздерінің кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіруге тырысып жатыр, алайда ғимараттардың инфрақұрылымына да зақым келген. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын қиындатып отыр.

Осы орайда ол келтірілген шығын қомақты сомаға жетіп отырғанын еске салды.

«Көбісі үшін бұл шығын банкроттыққа және өмір бойы алған қарызды өтеуге алып келуі мүмкін. Қазіргі кезде оларға қандай да бір сараптама мен іс-қимыл алгоритмі керек екенін түсіндіріп жатыр. Алайда ешқайсында ары қарай істі жүргізу мен бизнесті сақтау бойынша нақты түсінік жоқ», - деді Ерік Өмірғали.

Осы орайда депутат жүзеге асырылуы керек тиісті ұсыныстарды жариялады. Біріншіден, Қаржылық мониторинг агенттігі барлық банк пен микронесиелік ұйымдарға заңды әрі жеке тұлғалар үшін қарыздары бойынша 90 күнге кейінге төлеуді енгізуді міндеттеу керек. Бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және табысты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Дәл осы мерзімге аталған себептер бойынша салықты кейінге шегеру ұсынысы да айтылды.

«Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғауға мән бергені жөн. Себебі сақтандыру компаниялары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты төлемдер жасалғанына қарамастан, сақтандыру өтемақыларын төлеуден бас тартып отыр», - деді депутат.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT