+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 20 ақпан 18:04
Бөлісіңіз:
Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне Президент кадр резервінің мүшесі Сәкен Бейімбетұлы Шаяхметов тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. АҚШ-тың Техас университетін (The University of Texas) «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлы ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University).

Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамалардан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі болып бастады. 2012-2014 жылдары Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист болып қызмет етті.

Кейін 2017 жылға дейін магистратурада білім алды. 2017 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. 2017-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ал 2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

«Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадрлық резервінің үздік үштігіне енген. Жаңа қызметінде инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерімен айналысады» деп мәлім етті баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT