+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына 10 мың литр қымыз дайындалады

2019 жылғы 10 қыркүйек 13:59
Бөлісіңіз:
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына 10 мың литр қымыз дайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтойлық оқиға атап өтілмек: Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және қазақтың айтулы ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі басталды Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өсетінін айтты Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық айтыс мәреге жетті

Мереке 14 қыркүйекте өтеді. Салтанатты шараларды Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің етегінде театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады. Бағдарламада әртістердің өнер көрсетулері, ұлттық ойындар мен жарыстар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт қарастырылған. Мереке соңында отшашу атылады.

Жаңаарқалықтар мереке ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабыдаған. Ауданда халық шеберлері он мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық костюмдерде «Жаңаарка вальсін» орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.

Сондай-ақ, «Бауырсақ» және «Палау» фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады.

Осы күні Сәкен Сейфуллиннің «Жыр Сұңқары» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT