+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы: Ел әдебиетшілерінің форумы өтеді

2019 жылғы 18 қыркүйек 13:43
Бөлісіңіз:
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы: Ел әдебиетшілерінің форумы өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 19-20 қыркүйек күндері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, әдебиетшілердің қарым-қатынасына арналған алаң «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар қазіргі әдебиеттің жетістіктерін, мәдени дәстүрлерін және жаңа трендтерді талқылайды.
Форум ұрпақтар байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Оған бүкіл елден атақты және жас ақындар мен жазушылар жиналады. Олардың арасында Исраил Сапарбай, Жүрсін Ерман, Несіпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай, Қалқаман Сарин және тағы басқалары бар.

«Абай даналығы, Әуезов қауырсыны, Сәкен жолдары, Құрманғазының сиқырлы дыбыстары – бұл рухани мәдениетіміздің бір бөлігі ғана. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әуеніміз, әдебиетіміз – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бізбен мәңгілік қалуы тиіс. Осыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да көздеп отыр», - дейді ұйымдастырушылар.

Екі күндік бағдарлама пікірталастар, тұсаукесерлер және шеберлік сабатарға толы болады. Форум қонақтары Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсияға да барады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT