Сәкен Мұсайбеков ҰОК Бас хатшысы қызметіне сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің шешімімен Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы аталған ұйымның Бас хатшысы қызметіне сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Үкіметінің шешімімен Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі, ҚР мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, ҚР Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

2006 жылдан бастап - ҚР Үкімет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.

2008 жылдың наурыз айынан бастап - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның басқарушы директоры.

2008 жылдың қараша айынан бастап - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ аппаратының басшысы.

2012 жылдан бері - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастық формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар