Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметінде растады.

Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі, ҚР мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, ҚР Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

2006 жылдан бастап - ҚР Үкімет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.

2008 жылдың наурыз айынан бастап - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның басқарушы директоры.

2008 жылдың қараша айынан бастап - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ аппаратының басшысы.

2012 жылдан бері - «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастық формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеген.

Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарып келген Тастанбек Есентаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар