+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Сәкен Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды

2020 жылғы 6 мамыр 16:55
Бөлісіңіз:
Сәкен Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz -ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы «Алма» Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастаған.

1995-1996 жылдары — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы.

1996-2000 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР көлік және комуникациялар вице-министрі.

2008-2012 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ аппаратының басшысы.

2012-2015 жылдары — Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры.

2015 жылдан 2019 жылға дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды.

2019 жылғы ақпаннан қазіргі таңға дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымын атқарған.


Фото:baq.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT