Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін салдырған.

«Ешкім мәжбүрлеген жоқ, мен де ешкімді үгіттемеймін. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса таралуына себепші болмасам екен деген ниет. Оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп шаршадық. Кеше жариялайын дедім де, бүгін қандай әсерде болғаныммен бөліспекке бел будым. Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім», - деп жазды С. Майғазиев өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны жарты миллионнан асты. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша Қазақстанда 505 451 адам вакцина салдырды.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы вакцина салудың оразаны бұзбайтынын түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар