Сәкен Қалқаманов түркістандықтардың мұң-мұқтажын тыңдады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары аудан, ауыл аралап, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауда. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау үшін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Келес ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарапайым азаматтардың сұранысы мен ұсыныстары – ұдайы назарда. Әрқайсысының өтініш-ұсынысы, арыз-шағымы, арман-тілегі әртүрлі. Көбісі бұған дейін талай есікті қағып, талай табалдырықты тоздырған. Ендігі үміттері ақталу үшін кеңес беріп, нақты көмек ұсынамыз. Өйткені бәрі де арнайы келгендегі айтқан мәселелері оң шешімін тапса екен дейді», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Халық түрлі сұрақтармен келді. Олардың денін жұмысқа орналасу, аулаларды абаттандыру, бизнесті ашуға несие алу, баспанамен қамту және өзге де сұрақтар мазалады. Кейбір мәселелер бірден шешімін тапты.

«Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлік саласындағы оңтайлы жобаларды түсіндіріп, көтерілген өтініш-тілектердің орындалуына байланысты аудан әкімі мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырма берді», - делінген Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар