Сәкен Қалқаманов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «шетел тілін білетін журналист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында бастаған.
2000 жылдардан бастап
«Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында түрлі лауазымдарда істеген.
2002 жылы «Астана» телеарнасында қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру
» АҚ ақпараттық-талдау орталығының баспасөз қызметінде; 2008 жылдан бастап «ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хатшысы;
2011 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;
2016
-2018 жылдар аралығында түрлі жеке компанияларда және «КазАгроМаркетинг» ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған.
2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Әлеуметтік желілерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар