Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы С.Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Гайюм Ариффинмен қолғап түйістірді.

Сәкен үш раунд бойы ширақ та әдемі қимылдап, дәл соққыларымен қарсыласының алдын орап кетіп отырды. Төрешілер бір ауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0.

Осылайша, Сәкен жартылай финалға жолдама алды. Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына жетінші медаль түсті деген сөз. Осыған дейін алты қазақстандық боксшы қыздың жартылай финалда өнер көрсететіні белгілі болды.

Кешкі сессияда сондай-ақ Аида Әбікеева жапониялық Кито Маимен, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова мен әлем және Азия чемпионы Валентина Хальзова үндістандықтар Пуджа, Ловлина Боргохаинмен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбайдың өзбекстандық боксшыны ұтқанын жазған болатынбыз.

Азия чемпионатында қазақстандық 6 боксшының рингке шығатыны хабарланды.

Сондай-ақ Жазира Орақбаева жартылай финалға жолдама алды.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.

Карина Ибрагимова жүлдегерлер қатарына қосылды.






Соңғы жаңалықтар