Сахарасында түйекиік сайрандаған «Қанамбар» - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

****

Түркия-Франция Әдебиет сыйлығы табысталды - TRT
null 

Франция мен Түркия арасында мәдени байланыс қалыптастыруды нысанаға алған «Comite France-Turquie» қоғамдық ұйымы жыл сайын ұйымдастыратын Франция-Түркия әдебиет сыйлығы «Lettres du Bosphore» атты кітапқа берілді.

Бұл туралы TRT порталы жазады.

Қоғамдық ұйымның марапат кешіне Франция мен Түркия арасында көпір болған өнер қайраткерлері, жазушылар,  іскерлер мен зерттеушілер қатысты.

Марапат кешінің беташарын жасаған «Comite France-Turquie» қоғамдық ұйымының басшысы Марк Бернардин дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін осы кештің екі ел арасында маңызды мәдени көпір болғанын айтты.

Кітаптың авторы Sebastien de Courtois 2018 жылдан бастап Түркияда Француз мәдениет қоғамын басқарған.

«Түркияға алғашқы қадамымды басқаннан бері терең тәуелділік сезінемін. Мені әлемге Түркия ашты», дейді жүлдегер жазушы De Courtois.

**

Сингапурлық режиссерлер тағы бір бүркітші қыз туралы фильм түсірмек -  Kaznews.mn
null 

Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті. Моңғолияның KAZNEW порталындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл жолы  сингапурлық режиссерлер Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсіруді қолға алмақ.

«Баян-Өлгей  аймағының Алтай ауылында өткен бүркітшілер фестивалін шетелден көптеген туристер келіп тамашалады. Олардың арасында Сингапурлық режиссерлер де келген болатын. Олар фестивальде төртінші орынды иеленген Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсірмек», деп жазады дереккөз.

Айгерім Әскерқызы  - Алтай ауылындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды. Сегіз жасында әкесімен бірге құсбегілік өнерді үйренген. Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын АҚШ режиссерлері бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильм түсіріп, әлемге танымал еткен. 

***

Қытайда әлемдегі ең үлкен барабан жасалды - Тянь-Шань порталы 
null null null 

Қытайдың Гуаңши өлкесіндегі «Уижы» барабан құю зауытында «Әлемдегі ең үлкен жез барабан» жасалды. Бұл туралы Тянь-Шань порталы  жазады. Барабанның диаметрі - 6.68 метр, биіктігі - 2.86 метр, салмағы - 50 тонна. Ол әлемдегі ең үлкен барабан саналады. Барабанды жасауға 30-дан астам жұмысшы 7 айдан артық уақыт жұмсаған. 

Жез барабан - Қытайдың ерте заманғы оңтүстігіндегі аз ұлттарда, сондай-ақ шығыс-оңтүстік Азиядағы байырғы халықтарға тән мәдени мұра. Олар жез барабанды жақсылық әкелетін қасиетті музыка аспабы деп санайды.   

***

  Үрімжі - Ташкент аралығына жүк пойызы тұңғыш рет қатынады - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null 

Үрімжі мен Ташкент қаласы  аралығына жүк пойызы қатынай бастады. Бұл туралы қытайдың «People Daily» сайты хабарлады.  

X9091 жүк пойызы Қорғас өткелінен шығып, Қазақстан арқылы 5 күнде 1990 шақыпым жолды артқа қалдырып,  Өзбекстан астанасы Ташкентке жетеді.

Шынжаң «Құңиұн халықаралық жүк пойызы» серіктестігі бас директоры Жаң Чияншының айтуынша, аталмыш бағыт бұрынғы тасымал уақытының тең жартысын қысқартады.

Бұрын Ташкентке жеткізілетін заттарды автомобиль арқылы Алматыға, одан кейін бөлшектеп тасымалдау арқылы Ташкентке жететін.

***  

Ақсайдағы құтты мекен Қанамбар, сахарасында түйекиік сайрандар - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)
null null null null 

Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR) сайтында тілші Маралбек Әбдікәрімұлының  Ақсай ауданындағы «Қанамбар мемлекеттік түйекиік қорығы» туралы мақаласы жарық көрді.

 «Қанамбар мемлекет түйе - киік қорығы» - Гансу өлкесінің Жючуан аймағындағы Ақсай қазақ автономиялы ауданының Қанамбар ауылында  орналасқан. Ол әлемде сирек кездесетін ерекше қорғалатын жануар - түйекиік және басқалай жабайы аңдарды қорғайтын қорық. Ол Алтын тауының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан, алл көлемі 396 мың гектар.

«Қорық аймағында  120 түрлі құрлықтық жануарлар бар болса, мемлекеттік түйінді қорғалатын 28 түрлі аңдар бар. Мұның ішінде Қытайдың мемлекеттік 1 дәрежелі қорғалатын 7 түрлі жануар өмір сүреді. Бұлар түйекиік, тибет құланы, ілбіс, бүркіт қатарлылар. Түйекиік дүниедегі ерекше сирек кездетін жануар, саны мысық аюдан да аз болып, Халықаралық табиғатты қорғау бірлестігі сирек кездесетін жануарлар  қатарына кіргізсе, Қытайда 1 дәрежелі түйінді қорғалатын жануар қатарына енгізілген, бүкіл жер шарында 730-880 тұяқ болса, Қытайда 420-470 тұяқ қана бар. Сонымен бірге қорықта тағы 116 түрлі жоғары дәрежелі өсімдіктер бар екендігі анықталған», деп жазады дереккөз.

«Қанамбар түйекиік» қорығы 1982 жылы құрылған. Назарларыңызға түиекик қорығынан түсірілген суреттерді ұсынамыз.

***

Буянту Ұлы Қаған - TRT
null 

  TRT сайтының «Түркі өркениетіндегі ұлы тұлғалар» айдарында Буянту Ұлы Қаған туралы мақала жарық көрді.

 «Ұлы тұлға Буянту - Қытайды билеген Шыңғыс хан ұрпақтары  құрған Юан әулетінің төртінші императоры. Құбылай ханның ұрпақтары Бүкіл Шыңғыс хан ұрпақтарының Ұлы ханы болып саналғандықтан, Буянту Моңғол империясының сегізінші Ұлы қағаны болып саналады. Буянту 9 сәуір 1285 жылы туып, 1 наурыз 1320 жылы қайтыс болған. Оның толық аты - Буянту Аюрбарибада Ұлы Қаған.

 «Буянту дегені бүгінгі қазақ тіліндегі «баянды» яғни құтты, бақытты дегенді білдіреді. Аюрбарибада санскрит тілінде «мәңгілік тау» дегені екен. Ал қытайлардың оған берген аты «Жәнзуң» яғни «мейірімді ата». Қытайлардың Ұлы тұлғамызға «мейірімді ата» атағын беруі оның қытай дәстүріне жақын тұруымен байланысты болса керек. Буянту кішкентай кезінен Конфуций ілімінің ғұламасы Ли Мың ұстаздың тәрбиесінде болған еді», деп жазады дереккөз.

Күлік хан кезінде Буянтудың Ұлы қағанмен қарым-қатынасы жақсы болмаған. Өйткені Буянту ағасының далалық дәстүрлерді қолдауының мәнісін түсінбеген еді. Оның үстіне Буянту кішкене кезінен қытай мәдениетінің ықпалында өскен. Буянту ағасына қарағанда қытай мәдениеті мен тарихын жақсы білетін. Конфуций ілімін де игерген. Сондықтан қытай мәдениетін даму мен өркендеудің бастауы ал дала мәдениетін жабайылық деп есептейтін.

«1311 жылы Күлік хан қайтыс болғаннан кейін Буянту хан таққа отырды. Екі ағайындының арасында алдын ала келісім болғандықтан, Буянтудың таққа отыруы  соғыссыз болды. Алайда Буянту хан болғаннан кейін билікте көптеген өзгерістер басталды. Ең алдымен Буянту хан Күлік ханның сарайдағы адамдарын тазалады. Бұл адамдар далалық дәстүрлердің жалғасуын қолдайтындар болатын. Сол үшін Буянту хан Күлік хан құрған Мемлекеттік істер министрлігін жойды. Буянту ханның мақсаты Юан әулеті билігін Конфуций ел басқару қағидаларына негіздеу болатын», делінген жазбада.

Мақалада, Буянту ханнан бұрын Юан әулеті сарайында ықпалды төрт топ болғандығы айтылады. Біріншісі - Шыңғыс хан ұрпақтары мен олармен құда-жекжат болған далалық рулар. Екіншісі - Сыму деп аталатын және негізінен Ортаазиялық түркі, парсы және тибеттіктерден тұратын топ. Үшіншісі - Хан деп аталатын және негізінен бұрынғы Жиң әулеті мен кәрістер. Төртіншісі - таза қытайлықтар. Күлік ханның кезінде алғашқы екі топтың ықпалы айтарлықтай күшейе түскен. Бірақ Буянту ханның реформаларының нәтижесінде бұл далалықтар әлсіреп, соңғы екі топтың ықпалы арта түскен.

Буянту ханның түсінігі бойынша Қытайды билеу үшін далалықтардың Конфуций ілімі мен Қытай тарихын жақсы білулері керек еді. Сондықтан Ұлы қаған Юан әулетінен бұрын Қытайда болған мемлекеттік емтиханды қайта енгізді.

Буянтудың жасаған тағы бір өзгерісі 1311 жылы Жарғучи деп аталатын және далалықтардың қылмысына қарайтын би қызметін жою болды. Сонымен бірге жазбада Буянту ханның реформаларынан кейін Юан сарайында қытайлардың ықпалы арта түскендігі айтылады.

«1320 жылы Буянту хан қайтыс болды. Кезінде Күлік ханмен жасаған келісіміне сай Буянтудан кейін таққа Күлік ханның баласы отыруы керек еді. Бірақ Буянту хан сөзінен айнып, өз баласы Шидібаланы мұрагері ретінде қалдырды», деп түйінделген мақала.

Соңғы жаңалықтар