Сахалинде майшабақтар жаппай қырылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Сахалиннің солтүстік-шығысындағы Охинск ауданында Пильтун шығанағында тынықмұхиттық майшабақтар жаппай қырылды. Табиғат қорғаушылар дабыл қағуда, деп хабарлайды euronews.com.

"Эковахта Сахалина" өңірлік қоғамдық ұйымында айтылғандай, осындай бір түрдегі балықтардың қырылуы салдарынан Пильтун шығанағында майшабақ популяциясының көп бөлігі жойылуы мүмкін.

Ұйымның басшысы Дмитрий Лисицын осы ауданда әлемдегі ірі компаниялардың ондаған миллион тонна мұнай өндіріп жатқанын еске салды.

Экологтар шығанақ жағалауының 30 шақырым жерін тексеріп шықты. 28 учаскесінің тек біреуінде ғана шамамен 93 тонна өлген майшабақ жатыр. 

Соңғы жаңалықтар