Сағыз арқылы тас ғасырындағы әйелдің бейнесі жасалды

None
None
КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Ғалымдар ежелгі сағызда қалған тіс іздерінен ДНҚ алып, 6000 жыл бұрын өмір сүрген әйелдің генетикалық кодын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, адам геномы сүйектен емес, басқа заттан бірінші рет алынып тұр.

ДНҚ қабықты қыздыру жолымен алынған қара-қоңыр түсті қайың смоласынан табылған.

ВВС мәліметіне сенсек, ежелгі әйелдің терісі - қараторы, шашы - қошқыл қоңыр және көзі көк түсті болған.

Копенгаген университетінің докторы Ханнес Шредер ағаш шайырынан жасалған сағыз өте бағалы ДНҚ көзі екенін айтты.

Генетикалық кодқа сенсек, әйел Еуропа құрлығының аңшылар тобына жатады. Ол Батыс Еуропадан мұздардың еруінен кейін қоныс аударған адамдармен бірге келген деген болжам бар.

Сонымен қатар, сағыздан сол замандағы адамдардың негізгі тағамы болған орман жаңғағы мен жабайы үйректің ДНҚ-сы табылған.

Соңғы жаңалықтар