Сағынтаевтың сынынан кейін Теміртауда компанияның бас энергетигі жұмыстан кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрғындардың пәтерлеріне жылуды күшейту үшін «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіруге тырысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үкімет басшысының сынынан кейін, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртаудағы ЖЭО-2-ге барып, жағдаймен танысты.

«Жылу маусымының басында 6 энергетикалық қазандықтың 4-еуі жұмыс жасап тұрды, бірі - ағымдағы жөндеуде, екіншісі - күрделі жөндеуде болса, үшіншісі - су жылытатын қазандық. 4 жылыту турбинасының 3-еуі жұмыс істеп тұрса, біреуі - күрделі жөндеуден өтуде.  Үш бойлер - резервте», - деп мәлімдеді «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның жөндеу жұмыстары жөніндегі директоры Вадим Басин.

Ол ЖЭО-ның қалыпты жұмысына № 1-қазандыққа жасалып жатқан жөндеудің ұзаққа созылуы кедергі келтіргенін атап өтті. Оны 30 желтоқсан күні іске қосу жоспарланған. Онымен қоса, 26-27 желтоқсан күндері жұмыс жасап тұрған екі қазандықтың тесілуі салдарын жоюға тура келген.

Облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Тапсырмалар мәні нақты аталмайды. Бірақ «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның бас энергетигі Владислав Вовнянко өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болды.

«Вовнянко 2016 жылдың 27 желтоқсанынан бастап тараптардың келісімімен жұмыстан босатылды», - деп растады бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметінің басшысы Зүлфира Мухамедиярова.

Бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының әкімін Теміртау тұрғындарының үйлеріндегі температура небәрі 12 градус болып тұрғанын айтып, оның жұмысын сынға алды. Н. Әбдібеков 30 желтоқсан күні жағдайдың қалпына келетініне сендірді. 

null

Соңғы жаңалықтар