Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Мұнда Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясындағы міндеттердің орындалу барысымен танысып қайтпақ, деп хабарлады primeminister.kz.

Үкімет басшысы сонымен қатар Маңғыстау жерінде өңірдің көлік-логистикасын дамыту әлеуеті мен бизнеске қолдау көрсету бағытындағы шаралардың жүзеге асырылуы туралы білмек. Бақытжан Сағынтаев Ақтауға Ереванда (Армения) өткен ЕҮАК-нің кезекті отырысынан соң келді.

Жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша өңір халқымен және активімен кездесіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша, «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің өкілдерімен жүздеспек.

Бұған қоса Премьер-Министрі Құрық кентіндегі паром кешенінің жұмысымен және кешеннің екінші бөлігінің құрылысымен танысып, әлеуметтік инфрақұрылым және өнеркәсіп кәсіпорындарын араламақшы.

Облысқа келісімен 25 қазан күні Бақытжан Сағынтаев Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде орналасқан, жатақханада болды. Аталмыш нысан жас мамандарды баспанамен және жұмыссыз тұрғындарды еңбекпен қамтуға бағытталған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды.

Бүдан соң Үкімет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынған «Софи Мед Групп» көпсалалы клиникасында болды.

Соңғы жаңалықтар