Сағынтаев жаңа тұрғын үй кешендерінің жобасымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарастырған бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Meridiam компаниясының Түркия мен Еуразия бойынша директоры Омри Гейнсбургпен қоғамдық көлік және коммуналдық инфрақұрылым, әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Айта кетсек, Мeridiam компаниясы инфрақұрылымның орнықты нысандарын қаржыландыруды және ұзақ мерзімді басқаруды әзірлеуге маманданған жаһандық басқарушы компания болып табылады.

Ал әкімінің Аhsel Holding компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аянмен болған кездесуінде тұрғын үй нысандарын салу бойынша әңгіме өрбіді. Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үй кешендерін, оның ішінде құрамына қажетті бүкіл инфрақұрылым енетін құрылыс жобалары көрсетілді.

Холдингке енетін компаниялар Қазақстанда бірқатар ірі нысандарды салды, оның ішінде «Интерконтиненталь Анкара» қонақ үйі, «Эдельвейс» пен «Ақкент» тұрғын үй кешендері бар.





Фото: almaty.gov.kz

Соңғы жаңалықтар