+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Сағынтаев жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

2020 жылғы 4 сәуір 16:28
Бөлісіңіз:
Сағынтаев жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде Абайдың 175 жылдығы: Үнемделген 1,7 млрд теңге қайда жұмсалды – министрдің жауабы Қарағанды облысында ауқымды тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орындық провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Тез салынатын құрылыс жабдықтарымен тұрғызылатын нысан 280 орынға арналған. Оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі болады.

Аз уақыт ішінде салып бітіру үшін әдейі блокты құрылыс материалдары таңдалған.

Госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

«Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер шағында анықтауға, оларды дереу оқшаулап, уақытында әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, жаңа госпиталь Алатау ауданында бой көтереді.

Қазір нысанның орны тегістеліп жатыр.

Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды.

Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT