Сағынтаев Үкімет атынан Шахан мен Шымкентте апат салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шахан кенті мен Шымкент қаласында тұрғын үй апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай Жаңа жылдық мереке күндері бірқатар өңірде төтенше жағдайлар орын алды. Шахтинск қаласының Шахан кентінде жылу қазаны жарылып, 5 қабатты үйдің  бір жағы түгел құлап қалды. Кеше Жезқазған қаласында жылу орталығы тоқтап қалып, қала тұрғындары мен өндірістік нысандарға электр мен жылу қуаты берілмеді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр шұғыл қабылданған шешімдердің нәтижесінде Жезқазғанда жұмыс қайта жанданып, жылу мен электр жарығы уақытында халыққа да, өнндірістік нысандарға да толығымен жеткізілгенін атап өтті.

«Сонымен қатар төтенше жағдай жуырда Шымкент қаласында да орын алды. Өкінішке орай бірнеше адам құрбан болды. Үкімет атынан қаза болғандардың  туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді Сағынтаев.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минут шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-уі ер адам, 3-уі әйел адам, тағы үшеуі балалар. Үйдің құлауына 4-ші подъездің жертөлесінде орналасқан қазандықтың жарылуы себеп.

Шымкент қаласындағы қайғылы оқиға 8 қаңтарға қараған түні болды. Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспана опырылып құлаған болатын. Салдарынан 1988 жылы туған Сабина Орынбаева қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті: Қарлығаш Аxанова 1996 жылы туған (2 дәрежелі күйік жарақаты), Әсия Орынбаева 1957 жылы туған (дене жарақаты), Дәурен Жұмалиев 1985 жылы туған (дене жарақаты), Аружан Дауылбай 2015 жылы туған (дене жарақаты). Алдын ала болжамға сәйкес, үйдің құлауы газ-ауа қоспасының жарылысынан болған.

Соңғы жаңалықтар