+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сағынтаев триатлон жарысының қатысушыларына медальдар табыстады

2017 жылғы 30 шілде 20:05
Бөлісіңіз:
Сағынтаев триатлон жарысының қатысушыларына медальдар табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатының қатысушыларына медальдарды табыстады, деп хабарлйды primeminister.kz

Бұл чемпионат Қазақстанда триатлоннан өткен алғашқы ауқымды іс-шара болды. Триатлон, мультиспорттық жарыс ретінде қоғамда дұрыс трендтердің қалыптасуына - салауатты өмір салтын дәріптеуге септігін тигізеді.

200-ге жуық кәсіпқой мен спорт сүйер қауым «Жартылай темір» қашықтықта үш кезеңнен тұратын жарысқа қатысты:

1,9 шақырым жүзу, 90 шақырым веложарыс, 21 шақырым жүгіру.

Бақытжан Сағынтаев Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа, Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті, BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевқа, сондай-ақ қашықтықты бағындырған алғашқы әйел қатысушы Нағима Керімбаеваға медальдарды табыстады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT