Сағынтаев Сүлейменовке: Алдымен өзіңізге қараңыз, одан кейін басқа жұртқа ақыл айтыңыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы министр келтірген өңірлер бойынша көрсеткішке көңілі толмайтынын жеткізді.
«Толықтай алғанда өңірлердің көрсеткіштері қолайлы тенденцияны сақтап отыр дейсіз. Өндірісті қарайтын болсаңыз, республикалық деңгейден 11 өңір төмен тұр. Қайдан қолайлы болмақ? Ары қарай құрылысты қараңыз, негізгі капиталға салынған инвестицияны қараңыз. 4 өңір ғана республикалық деңгейден жоғары тұр. Бұл деген не? Егер негізгі капиталға инвестиция салынбайтын болса, онда өндірістің дамуы жоқ. Қалай сіз оны қолайлы деп айтасыз? Бірінші кезде өзіңізге қарауыңыз қажет. Содан кейін барып басқа жұртқа ақыл айтыңыз», - деді Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министріне қарата.

Соңғы жаңалықтар