Сағынтаев: Реновация қала тұрғындарының өмір сүру сапасын оңалтуға бағытталған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев реновация жобалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Реновация бағдарламасы бойынша қаладағы ескі үйлерді сүру жолымен «ескі» аумақтар кешені жаңарып, тұрғындар жаңа үйлерге көшеді.

Б. СағынтаевInstagram -дағы парақшасында хабарлағандай, реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған.

«Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда», - деп жазды Алматы әкімі.

Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны Түрксіб ауданында реновция жобасын Сауранбаев — Молдағалиев — Чернышевский — Толстой көшелері аумағында іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған екіқабатты ескі үйлер тұрған Сейфуллин даңғылы — Ақан сері — Кассин — Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалғанын атап өтті. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар