Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 328.31 EUR 386.62
RUB 5.27 CNY 51.49
Жаңалықтар

Сағынтаев Nokia өкілімен цифрлық экономика мәселесін талқылады

2018 жылғы 17 мамыр 19:52 324
Бөлісіңіз:
Сағынтаев  Nokia өкілімен цифрлық экономика мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін XI Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Nokia аға вице-президенті Маркус Борхертпен цифрлық экономика мен индустрияны дамытуға бағытталған заманауи және жоғары технологиялық шешімдерге қатысты салаларды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді, оның аясында жаңа инновациялық технологияларды енгізу, цифрлық теңсіздікті жою, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамту бойынша өршіл мақсаттар қойылды. 

Бұдан басқа, тараптар Астана қаласында Nokia компаниясының кеңсесін ашу мәселесін талқылады. Еске салайық, 2018 жылы тиісті шешім қабылданған болатын. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, ашылуы 2018 ж. шілде айына жоспарланған. 

Nokia Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеді. 2007 жылы компания Nokia Siemens Networks деген атаумен өнімдер/шешімдер жеткізді, әйтсе де, Siemens компаниясы Қазақстанда 1994 жылдан, «Қазақтелеком» АҚ үшін оптикалық магистральді желі салынғаннан бері бар. 2010 жылы компания Motorola компаниясының телекоммуникациялық активтерін сатып алды, 2012 жылы - Panasonic сымсыз байланыс бөлімшесі алынды, 2016 жылы ірі телекоммуникация алыбы - Alcatel Lucent сатып алу бойынша келісім табысты аяқталды.

«Nokia Қазақстан» компаниясында 50-ге жуық қызметкер бар. Компания Қазақстандағы өзінің штаты мен жобаларына инвестиция салуды жалғастыруда, себебі, Қазақстанда цифрландыру нарығы үздіксіз өсіп келеді. 

ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл бойынша Nokia компаниясы елдегі өзінің жұмысын жақсартып, ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар секторындағы кәсіпорындар үшін ғана емес, экономиканың тау-кен, мұнай-газ,көлік, энергетика, мемлекеттік, агроөнеркәсіптік секторлары үшін де цифрлық инфрақұрылымдардың жетекші жеткізушісі болуды мақсат етеді. 

Nokia «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанда 5G байланыс желісін өрістетуді ынталандыруға мүдделі. 5G байланыс желісін өрістету 2019 жылы басталады деп жоспарланған. 

Кездесу барысында Маркус Борхерт ҚР аумағында аталмыш желілерді уақытылы енгізу үшін, және жалпы цифрлық экономика мен индустрияны дамытуға бағытталған заманауи және жоғары технологиялық шешімдер аясында саланы дамыту бойынша өзінің ұсыныстарын білдірді. 

Еске салайық, бүгін елордада XI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Биыл форум Global Challenges Summit ретінде жаңартылды, бұл - жаһандық күн тәртібі мен жаңа форматты білдіреді. Форум алаңында ең жаңа заманауи мультимедиялық шешімдер пайдаланылады: визионерлердің сөз сөйлеуі, инновациялық презентациялар, жария интервью, арнайы воркшоптар т.с.с. Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Форум 17 мамыр мен 19 мамыр аралығында "Экспо"-ның Конгресс орталығында және Hilton Astana мейманханасында өтеді. 

 

Анықтама: Nokia - біріктірілген әлемнің ең ортасында инновациялық технологияларды енгізген әлемдік көшбасшы. Nokia Bell Labs зертханасының зерттеулері мен инновациялары коммуникациялық қызметтерді жеткізушілерге, үкіметтерге, ірі компаниялар мен тұтынушыларға өнімдер, қызметтер мен лицензиялардың көптеген түрлерін ұсынады. 

5G мен заттар интернеті үшін инфрақұрылым құрудан бастап виртуалды шынайылық пен цифрлық медициналық диагностика саласындағы жаңа шешімдерге дейін компания өмірлік тәжірибені өзгерту үшін технологияларды құрады. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат