Сағынтаев: Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқастар жазылғанша үйде болуы керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев короновирус инфекциясы бар симптомсыз науқастарды үйде отыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Ashyq қосымшасы кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Кейбір адамдар өздерінің ауру екенін біле тұра Ashyq бойынша жұмыс істейтін мекемелерге келеді. Онда олардың «қызыл» мәртебесі шығады. Олар коронавирустың ешқандай белгілері жоқтығын алға тартып қоғамдық орындарға барады. Мұны жауапсыздық деп айтуға болады. Мен симптомсыз ауырып жатқан барлық қалалықтардан үйде болуын, емделуін, содан кейін ғана шығуын сұрағым келеді», - деді қала әкімі.

Бұған дейін, ол жаппай вакциналау қаланың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік беретінін айтқан болатын.

https://www.kazinform.kz/kz/sagyntaev-zhappay-vakcinalanu-kalanyn-kalypty-omirge-oraluyna-mumkindik-beredi_a3789970


Соңғы жаңалықтар