Сағынтаев Қазақстандағы Швейцария елшісімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмидпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін).

Айта кетерлігі, Швейцария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 1 маусымда орнаған.

2018 жылы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы экспорт - $531,2 млн, импорт - $31,7 млн болды. Швейцариядан Қазақстанға жалпы инвестициялар ағымы 2005-2017 жж. аралығында $20 597,3 млн құрады.

Соңғы жаңалықтар