Сағынтаев Қазақстан Президентіне мемлекеттік мейрамдарға дайындық барысы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Мемлекет басшысына Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалып, ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды мерекелеуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшыға «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған барлық тапсырмалардың орындалуына, стратегиялық бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар