+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Сағынтаев қаланы аралап, мобильді бекеттерден учаскелік полицейлерді таппады

2019 жылғы 18 қараша 13:51
Бөлісіңіз:
Сағынтаев қаланы аралап, мобильді бекеттерден учаскелік полицейлерді таппады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев полицияның мобильді пункттерін алдын ала ескертпестен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың сұрақтарына жауап берді Алматы полициясы бір күнде 550 маршрутты шолып шығады Алматының Даму стратегиясы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Шаһар басшысы тұрғындардың арыз-шағымына көз жеткізбекші болғанын жеткізді.

«Кеше кешке ескертусіз «Атакент», «Мерей» сауда үйі, Көк базар, Арбат, Меңдіқұлов – Бектұров көшелерінің қиылысындағы, Ганди саябағындағы мобильді полиция бекеттерін аралап шықтым. Сол пункттердің біреуінде ғана учаскелік полицей болды. Басқаларында жарық жанып тұрғанымен, кезекші болған жоқ. Полиция қызметкерлерінің орнына сауда нысандарының күзетшілері жүрді», - деді әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.


Оның айтуынша, қала тұрғындары мобильді полиция пункттерінде тәртіп сақшыларын табу қиын екендігіне жиі шағымданады.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаладық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды», - деді әкім.

Қала басшысы алматылықтардың қауіпсіздігі — әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT