Сағынтаев екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру тұрғысынан ел экономикасының нақты секторын несиелендіру мәселелері талқыланды.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Е. Бахутова, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы А. Камалов, «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Г. Андроникашвили және т.б. басым жобаларды несиелендіруді ынталандыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Қаржы министрі Ә. Смайылов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар