Сағынтаев бизнесті және өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен шағын және орта бизнес пен өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібі өніміне ішкі сұранысты ынталандыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа бағдарлануын арттыру, сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті одан әрі дамыту шаралары қаралды.

2010 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты аясында қолдау көрсетудің тиісті инфрақұрылымы мен негізгі жағдайлары жасалды. Бұл өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының санын 3,4 мың субъектіге - 14,2 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Күн тәртібі бойынша Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар