Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Отырыс барысында медицина мен білім берудегі қызметтер сапасы мен деңгейін дамыту мәселелері талқыланды.

«Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов пен Verny Capital бас директоры Е. Оспанов күн тәртібіне сәйкес баяндама жасады.

Мәселелерді талқылауға білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Райымбек» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Р. Баталов, BeInTech компаниясының бас атқарушы директоры Б. Мусин және т.б. қатысты.

Соңғы жаңалықтар