Сағынтаев: «Астана» ХҚО ашқанымызды абыроймен жариялау керек

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осы айдың ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруға қатысты барлық мәселелерді реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат Нематұлы, («Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы - авт.) бұл тек сізге ғана жүктелген жауапкершілік емес, бізге де нақты талап қойылды. Бес институционалды реформа аясында ауқымды жоба қолға алынып отыр. Сондықтан қателесуге болмайды. Осы айдың аяғына дейін барлық мәселелерді реттеп қоюымыз керек. Ал 1 қаңтарда біз Ұлы Далада тағы бір халықаралық қаржы орталығының ашылғанын жер-жаһанға жариялауымыз қажет», - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев бүгін өткен Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бастамасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында. Осы уақытқа дейін біраз шаралар атқарылды. Енді, оны ойдағыдай іске асыру қажет.

«Біз әлем елдерін аралап, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы айтып жүрміз. Бәрін белсене атсалысуға шақырудамыз. Әлемге танымал биржалармен келісімдер жасадық. Енді, осының бәрін ойдағыдай іске асыруымыз қажет», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Айта кетейік, «Астана» қаржы орталығы криптовалютаны да саудалайды . 

Соңғы жаңалықтар