+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар

2019 жылғы 5 қыркүйек 14:06
Бөлісіңіз:
Сағынтаев: Әрбір алматылықтың кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активінің отырысында, кәсіпкерлікті қолдаудың нақтылы шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, ең алдымен, мәдениет, туризм, көлік, логистика және ІТ-инновация салаларында кәсіпкерлікті дамытуға назар аударылады.

«Отбасылық бизнесті, соның ішінде көпбалалы отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына ерекше мән беріледі. Сондықтан Алматыда «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында әйелдерді кәсіпкерлікке үйрететін «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін олардың жұмыс орындарында тәлімгерлік пен тәжірибе жинақтау орталығын ашу жоспарда. Бұл игі бастама жыл соңына дейін іске асады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікке жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Алматының алты ауданында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылған. Мұнда барлық меморгандардың, даму институттары мен монополистердің мамандары қызмет көрсететін болады.

«Басты міндет – жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету.Мемлекеттік органдар өздерінің қажеттіліктеріне біздің кәсіпкерлер шығаратын өнімдерді алулары тиіс»,- деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Айта кетерлігі, Алматыда ШОБ субъектілерінің саны - 185 мың. Олар қаланың ЖІӨ 40%-ын, салықтың 64%-ын қамтамасыз етеді, олар 600 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT