Сағынтаев Алматының экономикалық ахуалын бизнес өкілдерімен талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы экономикалық ахуалды бизнес өкілдерімен талқылады. Кездесуде тұрақтылықты сақтау және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін әзірлеу мәселелері пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі көлік және логистика, банк секторы, сауда, өнеркәсіп және өндірістік компания өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында ДДҰ пандемия деп жариялаған коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары талқыланды.

«Біз істің нақтылы жағдайын анықтау және қала экономикасының түрлі секторларында жағдайдың даму мүмкіндіктерін болжау үшін кездесіп отырмыз», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Кездесуде сауда айналымын сақтау, жұмыспен қамту, бизнес пен отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және қолдау көрсету мәселелері де пысықталды. Бұдан өзге, супермаркеттер мен базарларда азық-түлік бағасын бақылауда ұстау маңызды екені айтылды.


Соңғы жаңалықтар