Сағынтаев: Алматыдағы проблеманың бәрі «тиінге» тіреліп тұрса – оған қуанамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Атакенттегі «әйгілі» тиіннің мүсініне қатысты тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрін де тиін мәселесі бәрін қызықтырады. Бір жағынан бүкіл проблема тиінге тіреліп жатса – мен оған қуанамын. Яғни, басқа тірлік пен жұмыстың бәрі, жұрттың көңіл-күйі орнында деген сөз. Тиін мәселесі – жеке жоба. Ол сабаннан жасалған. Тозығы жеткен. Ол алынып, үсті брезентпен жабылып тұр. Сол жеке жобаның иелері қазір біздің басқармаға шығып, жандандыру мәселесі бойынша ұсыныстарын айтып жатыр. Желтоқсанда жоба ұсынылып, тұрғындармен келісер болсақ, онда бізде қарсылық жоқ. Әйтпесе өзара келіспесек басқа шешім қабылданады», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Атакенттегі алып тиіннің мүсіні бұзылатыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар