Сағынтаев: Алматыда ауаның сапасын бақылайтын тәуелсіз мониторинг тобы құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есепті кездесуінде экологияға қатысты түйткілді мәселеге назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғындардың 60-70%-ын осы мәселе алаңдатады.

«ЖЭО көмірден газға ауыстыру тарифке әсер етеді. Осы жұмыспен айналысқан сарапшылар «халық бұл қызметтің қымбаттауына дайын ба?» деген сұрақ қойды. Олар оған басын ауыртпасын. Мен айтқанымдай, 2012 жылдан бастап автобус маршруттарын субсидиялап келеміз. Әр тұрғын 80 теңгемен қаланың кез келген нүктесіне бару үшін. Егер керек болса, бюджет бұған да барады. Ең алдымен мұны қалай жүзеге асырамыз, біз соны ойлауымыз керек. Жаңа ЖЭО салына ма, жоқ ескісі газға ауыса ма осы мәселені анықтап алуымыз керек», - деді әкім.

Қала әкімі әкімдікте іскерлік кеңес құрылғанын хабарлады. Бұл кеңестің ішіндегі экологиялық комитет осы сұрақтармен тікелей айналысатын болады.

«Автоөкөліктерге келсек, кезінде осы бағытта стратегия қабылданды. Қазір бұл салаға Мәскеуден мамандар тартып жатырмыз. Қала көшелерін қалай жеңілдетуге болады? Қытайдағыдай жұп және тақ санды нөмірлерге арнайы күн белгілейміз бе? Әлде Лондонның орталығы сияқты қымбат қыламыз ба? Осының бәрін талқылаудан соң бір тоқтамға келеміз», - деді әкім.

Қала басшысы ауаның ластығын бақылайтын тәуелсіз мониторинг тобы құрылатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар