+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді

2019 жылғы 29 қараша 12:05
Бөлісіңіз:
Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы екі жыл ішінде жиыны 13 мың орынға арналған бірнеше мектеп ашылады. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттің білім саласында цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде енгізілуде Шымкентте апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген Асхат Аймағамбетов мектептер қашан бейнебақылаумен толық қамтылатындығын айтты

«Мектеп бойынша проблема бар. Бір сыныпта 40 оқушыдан отырғандар да бар. Десе де, жағдайды жақсарту мәселесін мемлекеттік-жекемшелік әріптестік арқылы шешіп, тиісті модельді әзірлеп, инвесторлардың қолдауымен дефицитті жоямыз деген ойдамын», - деді әкім тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу жөнінде берген тапсырмасының қалай жүзеге асатыны туралы толығырақ баяндамасында да айтты.

«Бүгінгі күні Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Балабақшаларда орын тапшылығы — 20 мыңнан астам. Бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Таяу арадағы екі жыл ішінде шамамен 13 мың орынды сегіз мектеп салынады», — деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орынды бес балабақша пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылында 1 800 орынды екі мектеп және бұрыннан бар мектептердің жанынан 2 017 орындық бес қосалқы нысан іске қосылады.

Бұдан өзге, бұл іске мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен жеке бизнес тартылуда. 2020-2022 жылдары жеке инвестициялық есебінен 2 240 орынды төрт мектепті, 8 000 орынды 300 балабақшаны ашу жоспарланып отыр.

«Осылайша аталған шаралар екі ауысымда білім алатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға қысқартады. Сонымен қатар, балабақша кезегін 10 мың орынға азайтады», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT