Сағынтаев: «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай бағдарламасы жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыны Орта Азияның бизнес-хабына айналдыру үшін кәсіпкерлікті дамытудың «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай бағдарламасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Атамекен» ҰКП бірге Алматы әкімі жанындағы Іскерлік кеңестің алғашқы отырысы мен жыл сайынғы кәсіпкерлердің V конференциясы өтті. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-ғы парақшасында жазды.

«Кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту — әкімдік жұмысының стратегиялық басты бағыттарының бірі. Алматыны Орта Азияның бизнес-хабына айналдыру үшін кәсіпкерлікті дамытудың «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай бағдарламасы жасалды. Мұнда негізгі бес бағыт көрініс тапқан, олар - әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті қаржыландыруды ұлғайту, өндіріс, сервис және сауда үшін инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлік негіздерін оқыту және инвестициялық жобаларды кешенді жүргізу»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік салаға да ерекше назар аударылатынын айтты.

«Қызмет көрсетуге жете назар аударылады. Медицина, білім, ІТ технология және турзим салаларында бизнеске қолдау көрсету бұлар да сараптамалы-бағдарлы кластер құруға мүмкіндік береді»,-деді әкім.

Әкімдік, ҰКП бірге «шикізат-өндіріс-өткізу» сызбасы бойынша жобаларды жүзеге асырудың жаңа межелерін белгілейтін болды.

«Біз осылайша қаланың бизнес-ахуалын түбегейлі өзгерте аламыз»,-дейді Алматы қаласының әкімі.




Соңғы жаңалықтар