Сағынтаев: Ақтөбе агромирация орталығына айналуы үшін халық санын көбейту қажет
2017 жылғы 30 наурыз 20:25

Сағынтаев: Ақтөбе агромирация орталығына айналуы үшін халық санын көбейту қажет

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе агромирация орталығына айналуы үшін халық санын арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі кезінде кеше кешкілік қар аралас жаңбыр жауып, алай-дүлей боран болғанын айтып өтті. Дегенмен, Премьер-Министр өңірде атқарылып жатқан істерге көңілі толатынын, сол үшін ақтөбеліктерге ризашылығын білдіретінін жасырмады. Тіпті, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты клондауды ұсынды.

Сапар кезінде Бақытжан Сағынтаев Ақтөбенің алгомирация орталығына айналуы үшін халық санын арттыру қажет екенін айтты.

«Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе. Төрт облыстың бірі болып Ақтөбе агломирацияға айналамын десе, көп жұмыс атқаруы тиіс. Жоспар қандай екенін сұрадым. 2030 жылға қарай өңір халқының саны 1 миллионға жетеді екен. Арада 13 жыл бар. Күтіп отыра береміз ба? Экономикамыз қалай дамиды? Шығарған өнімді біреу сатып алу керек. Сатып алмаса жабылады. Мәселен, елімізде Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 72 жоба тоқтап тұр. Оның төртеуі Ақтөбеде. Төрт кәсіпорын 1 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған екен. Қазір Бердібек Сапарбаев жабылған зауыттарды қайта іске қосу үшін жұмыс істеп жатыр. Бәлкім, бұл төрт жобаны алғашында іске асыру керек те болмаған шығар? Сол жобаларды іске асыруға бөлінген қаржыны шағын және орта бизнеске бөлген кезде, олар 5 мың жұмыс орнын ашар еді. Егер біреуі жабылса, басқа шағын кәсіпкерлікке жұмысқа орналаса алады. Ал бірден 300 адам жұмыссыз қалса, әкімдік ұйқыдан қалады»,- деді Б. Сағынтаев.

Үкімет басшысы ірі зауыттарды емес, шағын және орта бизнестің тиімділігін мысал ретінде айтып берді. «Ақтөбе облысында 170 мың көлік бар. Оларды жөндеу 400 техникалық қызмет стансасының міндетіне жүктелген. 2025 жылға дейін 1 миллион халық болатын болса, 300 мың көлікке жетеді. Сол кезде 700-800 ТҚС керек болады. Бір ТҚС-та 7-10 адам жұмыс істейді. Қазір 3 мыңнан астам жұмыс істесе, 2025 жылға қарай олардың саны екі есе артады»,- деді Үкімет басшысы.

Jańalyqtar

MURAǴAT