Сағат 16.00 дейін 7,1 млн қазақстандық референдумда таңдауын жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-де өңірлердегі азаматтардың саяси науқанға келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюллетень алған. Бұл - тізімге енген азаматтардың 60,80 пайызы», - деді Асылбек Смағұлов.

Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскесіне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, сағат 14.00-де 6 262 973 адам дауыс берген еді.

Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 53,43 пайызы.

Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады.

Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар