Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша cайлаушылардың 43,9 пайызы таңдауын жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 43,9 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 14-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 43,9 пайызы алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы – 41,3, Ақтөбеде облысы – 41,1, Алматы облысы – 43, Атырау облысы – 37,3, Батыс Қазақстан облысы – 47,5, Жамбыл облысы – 55,1, Қарағанды облысы – 51,6, Қостанай облысы – 49,9, Қызылорда облысы – 48,7, Маңғыстау облысы – 36, Павлодар облысы – 51,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,2, Түркістан облысы – 46,6, Шығыс Қазақстан – 48,8, Нұр-Сұлтан қаласы – 37, Алматы қаласы – 21,9, Шымкент қаласы – 44,5 пайыз», - деді Ерлан Дауылбаев.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16-00 ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.


Соңғы жаңалықтар