Сағадиев: Мен Білім министрлігіне командасыз келдім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрлікке командасыз келгенін мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлікке келгенімде көмекшімнен басқаларды танымайтын едім. Үш вице-министр, барлық департамент директорлары, барлық комитет басшылары, барша қызметкерлер - барлығымен Білім және ғылым министрлігіне келген кезде таныстым. Барлық 250 адаммен. «Шеттен бір команда алып келді» деген айыптауларды бірінші рет естіп отырмын», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында.

Бұның алдында ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ләззат Құсайынованың мәлімдемесін өзінің Фейсбуктағы парақшасында Мұxтар Тайжан жариялаған болатын. Ол мәлімдемеде «министр келгелі барлық бейінді мамандарды жұмыстан босатып, оның орнына білім беруге де, ғылымға да еш қатысы жоқ адамдарды қызметке алды» делінген болатын.

Соңғы жаңалықтар