Сағадиев: Колледждердің маман даярлау жүйесі өзгереді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап колледждердің рейтингі жасалады. Соған қарай әрбір колледждің оқу бағдарламасы да, мемлекеттік тапсырыстың көлемі де өзгеретін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, рейтинг колледж түлектерінің жұмысқа тұру көрсеткішіне негізделеді. Егер белгілі бір колледждің көрсеткіші төмен болса, онда ол бағытта маман даярлау тоқтатылады. "Қазірдің өзінде кәсіби-теxникалық білім саласында бір-бір қайталайтын және ешбір сұранысы жоқ 109 мамандық қысқартылды. Соның нәтижесінде 66 колледждің салалық бағыты өзгерді. Ал 20 оқу орны бір-біріне қосылды. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Біз жас мамандардың жұмысқа тұру көрсеткішіне баса назар аударамыз. Мамандыққа дұрыс үйретпесе, түлектер жұмысқа тұра алмаса, ол мамандықтың лицензиясын кері қайтарамыз", - деді Е.Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде.

nullАйта кетейік, алдағы уақытта министрлік жоғары білім сапасын да жіті бақылауды жоспарлап отыр. "Былтыр мемлекеттік гранттардың саны 10 мыңға артты. Биыл тағы 20 мың грант бөлінді. Демек, онымен бірге жоғары оқу орындарының жауапкершілігі артады. Біз білім сапасына баса назар аударамыз. Ал бұл мәселені қалай қадағалаймыз? Біріншіден, жас мамандардың жұмысқа тұру рейтингі бойынша әрбір жоғары оқу орнының жұмысын бағалаймыз. Егер аталған көрсеткіш төмен болса, онда сол мамандық бойынша лицензияны кері қайтаратын боламыз. Бұл - басты көрсеткіш. Себебі жұмыс нарығында әрбір түлекке сұраныс болуы қажет", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

 null 

Соңғы жаңалықтар