Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов АҚШ-та кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

Бүгін таңертең Рахманқұлов Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) Gila River Arena-да рингінде америкалық боксшы Кристиан Агирреге қарсы жекпе-жек өткізді. Алты раундтың нәтижесіне сәйкес, қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды 59-55, 59-55, 60-54.

Бұл Сағадат Рамнқұловтың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі. Ал оның қарсыласы Агирре маңсабында жеті рет жеңіске жетіп, осымен үшінші рет ұтылып отыр.

Еске салайық, Рахманқұлов үшін бұл Боб Арумның «Top Rank» промоутерлік компаниясының ұранымен өткізген алғашқы айқасы болды. Қазақстандық боксшының ісін танымал менеджер Эгис Климас жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар