+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу турнирінің жеңімпаздары анықталды

2019 жылғы 26 мамыр 12:17
Бөлісіңіз:
Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу турнирінің жеңімпаздары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы ЦСК оқу-жаттығу орталығының базасында Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан 23-ші халықаралық турнир аяқталды. Бұл жайында еліміздің Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде дәстүрге айналған бұл жарыстың халықаралық мәртебесі бар. Биылғы турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей,Тәжікстан және Өзбекстаннан 150-ден астам боксшы қатысып, бірнеше күн бойы әр салмақ санатындағы мықтыларды анықтады.

"Осынау бокстан халықаралық турнирді аты аңызға айналған адамды еске алуға арнаймыз. Қазірдің өзінде бұл жарыстың өз тарихи мен дәстүрі бар. Сағадат Нұрмағамбетов бүкіл өмірін Отанына қызмет етуге арнаған адам. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен ол қазіргі Қарулы күштеріміздің іргесін қалады. Мұндай адамдарды мәңгі есте сақтау керек, ұмытуға болмайды. Кез келген спортшы үшін турнирге қатысу және жеңіске жету үлкен мақтаныш әрі абырой", - деді Армия орталық спорт клубының бастығы А.Құрғамбаев.

null

Турнир қорытындысында елордалық Айдархан Нұқанов үздік боксшы атанды. Ал салмақ санаттары бойынша жамбылдық Асқар Қайсар (49 келі), алматылық Береке Смали (52), алматылық Алмаз Нұрғали (56), шығысқазақстандық Бекнұр Ожанов (60), өзбекстандық Джахонгир Расулов (64), елордалық Айдархан Нұқанов (69), ҚР ҚМ ЦСКА спорт клубының боксшысы Сапарбай Айдаров (75), Алматы облысының спортшысы Еркебұлан Әкімбай (81), ЦСКА боксшысы Мұхамеджан Еркін (91) және ресейлік Анлександр Сидорин (91 келіден жоғары) турнир жеңімпазы болды.

null

Айта кетерлігі, осы бәсекенің жеңімпаздары биыл 8-14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ҚР Президенті кубогына арналған турнирге, 2019 жылдың 6-29 қыркүйегі аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатына кандидат ретінде қарастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT