Сафия, Нұрилан: Шымкентте нәрестеге ең жиі қойылатын есімдер қандай

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте соңғы 8 айда 54 егіз нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр. Қалада туған бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген.

АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда шаһарда 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан.

«Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна есімдері қойылып жатыр», - дейді Ақбота Жұмабекқызы.

Сондай-ақ, мамандардың мәліметіне сүйенсек, бұл жылы 8 айда заңды түрде 3 605 неке қиылған. Ал, 643 жұп ажырасқан. Бұл өткен жылдың есепті кезеңмен салыстырғанда ажырасудың үш есе азайғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, АХАТ бөлімі 8 айда 26 бала асырап алу құжатын рәсімдеу, 140 тегін өзгерту, 4 965 қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге алу, 112 қалпына келтіру, 3 452 қайталап куәлік беру жөніндегі жұмыстарды атқарған.


Соңғы жаңалықтар