Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар