+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Сәдуақас Байғабылов Жандарбек Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 20 қараша 14:23
Бөлісіңіз:
Сәдуақас Байғабылов Жандарбек Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым», - деді Сәдуақас Байғабылов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады.

Айта кетейік, 2018-2019 жылдары С.Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Ол Президенттің департамент қызметіне қатысты сынынан кейін өз еркімен жұмыстан кетті.

2020 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін Павлодар облысының бас санитар дәрігері болды.

31 наурызда Көліктегі бас санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды.

Шілде айында ол бірнеше апта ғана Атырау облысының бас санитар дәрігері болды.

Айдың соңында Байғабылов Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне қайта оралды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT