Сәдуақас Байғабылов «вакцинадан көз жұмған» перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp мессенджерінде тарған №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», - деп жауап берді спикер брифинг барысында.

WhatsApp мессенджерінде тарған видеода №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.

Бұған дейін, ол Алматыда жыл басынан бері карантин тәртібін бұзған 3018 адамға 202 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар