+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Сәдуақас Байғабылов қызылшадан көз жұмған 13 балаға қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 18 қазан 13:33
Бөлісіңіз:
Сәдуақас Байғабылов қызылшадан көз жұмған 13 балаға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов балалардың қызылшадан көз жұмуына әкелген асқынуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бас санитарлық дәрігер қызылшаның жаңа вирусынан сақтануға шақырды Бекшин ата-аналардың вакцинациядан бас тарту себебін айтты СҚО-да 265 адам қызылшаға қарсы егілуден бас тартты

«Ата-аналардың сау баласын қызылшаға қарсы вакцинациялаудан бас тартуы елорда халқының арасында қажетті иммун қабатшасының әлсізденуіне алып келеді. Салдарынан бұл қызылша вирусы халық арасына қарқынды тарап кетеді, ал екпе жасау жасына жетпеген немесе денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімі бар балалар жұқпа алдында «қорғалмаған» болып саналады», - деді ол.

Қызылша вирусына шалдығу және ауыр асқыну салдарынан 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «қорғалмаған» 13 бала көз жұмды.

Қызылшаның алдын алуда және ауыр ауысқынуды болдырмаудағы шешуші фактор – екпе егілетін балалардың кем дегенде 95% вакцинациялау.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT