Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Сәдуақас Байғабылов растады.
«5 қаңтардан бастап мен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін уақытша атқарып жүрмін», - деп жауап берді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кететіні туралы жазған болатынбыз.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды.
2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарған.
Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері болды, сондай-ақ бұл лауазымынан босатылған еді.


Соңғы жаңалықтар